Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз – Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Бұл кезең – өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең. Ендеше осынау мейраммен бірге баршаңызға бақ пен береке, отбасыларыңызға молшылық, ұжымымызға бірлік, кәсібімізге жетістік келгей! Елімізді өркендетуге, өскелең ұрпақты білімді де тәрбиелі етуге бағытталған қажырлы еңбегіңіз әрдайым табысты болып, ойға алған барлық арман, жоспарларыңыз орындалсын! Наурыз мерекесі құтты болсын!
Құрметпен, ректор Б.Т.Шакешев