2026 жылғы 23–24 сәуір күндері Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде 6В07101 «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша «Көлік техникасын техникалық пайдаланудың негіздері» пәнінен XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша БҚИТУ-дың «Көлік және технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Нургалиев Ленур Максутовичтің жетекшілігімен ТТТ-32О тобының білім алушысы Евгений Романченко құрметті II орынды иеленді! Кафедра ұжымы Евгенийді лайықты жеңісімен және жоғары нәтижесімен шын жүректен құттықтайды! Оған алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жетістіктер мен кәсіби жеңістер тілейді!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz