BookClub кітап клубының ұйымдастырушылары мен қатысушылары «Кітап сыйла» акциясына қатысып, кітаптарды Хамза Есенжанов атындағы балалар кітапханасының қорына табыстады. Аталған акцияға арналған кітаптар Білім және менеджмент институтының оқытушылары тарапынан жиналды. Оқытушылар көркем әдебиет, танымдық кітаптар, ертегілер мен дамытушы басылымдарды жинап, олар жас оқырмандардың ой-өрісін кеңейтуге және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға көмектеседі.

Бұл акция жастардың мейірімділігі, жанашырлығы және әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі болды. Бірлескен күш-жігердің арқасында кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықтырылып, олар өз оқырмандарын табатыны сөзсіз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz