“Urker mitec” зияткерлік орталығының ұйымдастыруымен 1,2,3 курс экономикалық мамандықтарының студенттері арасында ұйымдастырылған “Капитал” республикалық онлайн олимпиадасында біздің университеттің 3 курс студенттері Жексенова Д.В. және Бакшеева Д.О. 1 және 2 орындарға ие болды. Олимпиада жүлдегерлерін “Есеп және қаржы” кафедрасының аға оқытушылары Салимбаева Ш.Д. және Аймешева Ж. А. дайындады. Жеңімпаздар сәйкесінше 1 және 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, 1 курс студенті А. Мұханбетқызы олимпиадаға қатысушы сертификатын алды (жетекшісі – “Есеп және қаржы” кафедрасының аға оқытушысы А. К. Нұрманова). Барлық жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
