10 сәуір күні Қазақстан ғылым қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылған онкүндігінің аясында Есеп және қаржы кафедрасы «Stand-up-science» тақырыбындағы ғылыми жекпе-жек өткізді. Шара барысында «Қаржы» ББ, «Есеп және аудит» ББ, «Туризм» ББ студенттері Ш.Уалиханов, А.Бокейханов, А.Смит, Д.Рикардо, Дж.Кейнс сынды ұлы ғалымдар бейнесін сомдап, олардың ғылыми еңбектері туралы мәліметтерді презентациямен көрсетті. Студенттер аталған тұлғалардың еңбектеріне тоқталып, шара қатысушыларына өз тілектерін жеткізді.
