2023 жылдың 27-қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Салалық технологиялар институтының акт залында университет ректоры, профессор Шакешев Бекбулат Темержанович пен университет ректоратының «Біз – бір ұжымбыз!» атты институт ұжымымен кездесуі оздырылды. Кездесуге проректорлар мен институт директоры, институт директоры орынбасарлары, профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Дәстүрге айналған кездесудің мақсаты – ұжымды университеттегі білім жүйесі мен шығармашылығын дамыту бағытындағы жоспармен, университеттің ішкі тәртіп ережелерімен және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру бағыттарымен, жаңадан қабылданғалы отырған стратегиялық құжатпен таныстыру. Кездесу барысында оқу үдерісіндегі ұйымдастыру жұмыстары, басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелер туралы сұрақтар қойылды. Профессор-оқытушылар құрамы білім ордасы басшылығына өз сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz