|
27 қыркүйек – Халықаралық туризм күніне орай 25 қыркүйек пен 29 қыркүйек аралығында апталық өтті. Апталық барысында кафедра оқытушылары мен студенттер белсенді қатысты. 25 қыркүйек күні экономика магистрі Ислямов Руслан Сейлханович «Қаржы және экономика» кафедрасының оқытушылары мен 6В11101 – Туризм БББ студенттеріне Орал қаласының ескі ғимараттарының тарихымен таныстырды, студенттер қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.
|
|
26 қыркүйек күні 6В11101 – Туризм БББ студенттеріне экскурсиялық бағдарлау ұйымдастырылды. Экономика магистрі Ислямов Руслан Сейлханович студенттерге тарихи ескерткіштерді жасырып, олар тапсырманы іздеп тауып оның тарихын айтты. |
|
2023 жылдың 27 қыркүйек – Халықаралық туризм күні апталығының бағдарламасы аясында “Туризм” ББ 2 курс студенті М.Андрощук э. ғ. к. қауымдастырылған профессор Суханбердина Б. Б. жетекшілігімен БҚИТУ “Туризм” ББ студенттеріне “Оралдағы Тукай қаласының жолдары” тақырыбында экскурсия өткізді. Студенттердің зияткерлік білімдерін арттыру мақсатында «Туристік марафон» ойыны ұйымдастырылды. Шара барысында студенттер дүниежүзілік география, халықаралық туризмі бойынша білімдерін көрсетті. 28 қыркүйек күні «27 қыркүйек – Халықаралық туризм күні» мерекесіне орай экономика магистрі Ислямов Руслан Сейлханович Ақжайық телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасына шақыртылып, ішкі туризм, қазіргі жағдайы туралы сұхбат берді. 2023 жылғы 29 қыркүйекте “27 қыркүйек – Дүниежүзіндік туризм” бағдарламасы аясында “Туризм” ББ 4 курс студенті А.Бақыт э. ғ. м. Тогашева Д.С. жетекшілігімен БҚИТУ “Туризм” ББ студенттеріне “Оралдағы ақынның ізімен” тақырыбында экскурсия өткізді. 29 қыркүйек күні Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының ұйымдастыруымен “Менің Отаным-Қазақстан” туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слеті өтті. “Туристік кедергілер” жарысында экономика магистрі Ислямов Руслан Сейлханович төреші болды. Қазақстанның 17 облысының командалары қатысты. |





