28.09.2023 ж. сағат 15.00-де БҚИТУ академиялық серіктесі, ҚР ІІМ М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының бастығы–полиция полковнигі Н. Т. Саханова, құқық кафедрасының 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу, 6В04202 Құқықтану ББ білім алушыларына «Қылмыстық процестің үш буынды моделі» тақырыбында кеңейтілген дәріс өткізді.

Болашақ құқық бакалаврларына осы модельдің перспективалық жақтары көрсетілді. Лектор мұндай модельде қылмыстық процеске үш буын жауап беретінін атап өтті: тергеу органы, прокуратура және сот. Мұндай шектеу тергеу органдарының негізсіз заңсыз шешімдерінен қорғай отырып, тергеу органдарында құқыққорғау барьерін тудырады. Прокурордың келісімінсіз қылмыстық қудалау органдарының барлық негізгі шешімдерінің заңды күші мен құқықтық салдары болмайды. Негізгі шешімдерді келісудің артықшылығы-артық бюрократиялық кідірістерді болдырмау. Тергеушілердің уақытын үнемдеу. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша енгізілген қылмыстық процестің үш буынды моделі заңның үстемдігін, халықтың әділдігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Білім алушылар дәріс қорытындысы бойынша – қадағалаудан іс жүргізу шешімдерін қабылдауға кезең-кезеңмен көшу күдіктінің де, жәбірленушінің де азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға, қылмыстық процестің орбитасына негізсіз қатысу фактілерін болдырмауға және тергеудің объективтілігін тұтастай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz