2025 жылғы 8 мамыр мен 16 маусым аралығында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінің базасында XIII Жазғы Универсиада өтуде.

Аталған ауқымды спорт додасына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің командасы да қатысуда.

Университеттің 20 спортшысы мен 5 жаттықтырушысы 7 спорт түрінен (тоғызқұмалақ, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі, қазақ күресі, каратэ-до, жеңіл атлетика) бәсекеге түседі.

Ойыншыларымыз алғашқы жарыс күнін тоғызқұмалақпен бастады. Жалпы есепте спортшылар 7 ойын өткізіп, ұлдар тақтасынан 2 ұтыс, қыздар тақтасынан 2 ұтысқа қол жеткізді.

Университетіміздің студенттеріне XIII Жазғы Универсиадада жарқын жеңістер тілейміз!

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz