2025 жылдың 6-10 мамыры аралығында Ақтау қаласында Президенттік көпсайыс (полиатлон) бойынша Қазақстан чемпионаты өтті, оған 12 облыс пен Астана мен Алматы қалаларының спортшылары қатысты. Салалық технологиялар институтының жалпы білім беретін пәндер кафедрасының аға оқытушысы Шалаев Б.Б. 144 ұпай жинап, өз жас санатында 1-орынға ие болып, Қазақстан Чемпионы атанды.
2025 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында Президенттік көпсайыс бойынша Республика чемпионаты өтеді. Чемпионымызға алдағы чемпионатта сәттілік тілейміз.

