2025 жылғы 14 мамыр күні БҚИТУ СТИ-да ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушылары Н.Б. Алдибекова және Н.С. Хамиевамен бірге жоғары аграрлық-техникалық колледжде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Жоғары аграрлық-техникалық колледжде 2024-2025 оқу жылында «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша саны 65 түлек болатын 2 қазақ тобы мен 1 орыс тобынан түлектер бітіруді жоспарлап отыр. Жетекшілері: Кисметова А.М., Ермуханова Э.С., Ахметова А.Х.

Кездесу барысында оқушыларға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқыту жүйесі, іске асырылып жатқан білім беру бағдарламалары, қабылдау ережелері, сондай-ақ грантқа түсу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды. Колледжді бітіргеннен кейін күндізгі және қашықтықтан оқытуға, әскери кафедрадағы оқу жағдайларына, студенттердің жеңілдіктері мен қолдауына ерекше назар аударылды. Колледж білім алушыларына кәсіптік бағдар беру материалдары: брошюралар мен түрлі-түсті ақпараттық буклеттер таратылды.

Жүргізілген жұмыс жоғары білім алушыларының БҚИТУ ат-да жоғары білім алу перспективалары туралы хабардарлығын арттыруға және олардың сұранысқа ие және перспективалы мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге ықпал етті.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz