2026 жылғы 27 наурыз күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеу және олардың мәні мен маңызын насихаттау мақсатында СТИ жалпы білім беру пәндер кафедрасының оқытушысы Каленова Ж.М. интеллектуалды викторина ұйымдастырып, өткізді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері» тақырыбына арналған викторинаға «Сәулет» БББ 1 курс студенттері қатысты. Шара еліміздің әнұранын орындаумен басталды.
Викторина барысында Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны туралы сұрақтар қойылды. Қатысушылар рәміздердің авторлары, қабылданған уақыты, мағынасы мен ерекшеліктері жөнінде білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, логикалық және шығармашылық тапсырмалар да беріліп, қатысушылардың ойлау қабілеті мен тапқырлығы бағаланды.
Шара өте қызықты әрі тартымды өтті.
Өткізілген шараның нәтижесінде қатысушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметі артып, олардың маңызы туралы білімдері кеңейді. Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Қорытындылай келе, викторина жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсатқа толықтай жетті.