Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында 27.03.2026 күні оқу жоспарын толық аяқтаған PR0013 – Педагогикалық қайта даярлау білім беру  бағдарламасының 21 тыңдаушысына мемлекеттік үлгідегі сертификат табысталды. Курс тыңдаушылары келесі мамандыру бойынша білім алды: информатика, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу.

Тиісті бейін бойынша педагогтің кәсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін педагогикалық білімі жоқ тұлғаларды педагогикалық қайта даярлауды жүзеге асыратын  Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығы  университетімізде 2023-2024 оқу жылынан жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде аталған курсты  54 тыңдаушы сәтті аяқтап, педагог болу мүмкіндігіне ие болды.

Курстың білім беру бағдарламасының мазмұны жалпы білім беретін пәндер мен психологиялық-педагогикалық пәндерден және педагогикалық практикадан тұрады. Курс тыңдаушылары  05.03.2026 күні қорытынды аттестаттау емтиханын тапсырды.  Алты айлық курсты аяқтаған тыңдаушыларымыз алдағы уақытта білім беру ұйымдарында педагог болып жұмыс істей алатынын атап өткіміз келеді. 

Институт директоры А.С. Тасмагамбетов, Қайта даярлау, біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының жетекшісі А.Н. Бекмашева  және курс тыңдаушыларына дәріс оқыған оқытушылар А.Б.Арыстанова, Ф.Н. Макашева курсты сәтті аяқтаған тыңдаушыларды құттықтап,  ұстаздық жолда сәттілік тіледі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz