Қазіргі таңда жоғары оқу орындары оқу процесіне мектетен практик оқытушыларды  тартуда. Осы бағытта 2023 жылдың 26 қаңтар күні №44 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының мектеп психологы Г.М. Тоқсанова және Педгогика және психология кафедрасының аға оқытушысы В.Е.Нурмуканбетованың ұйымдастыруымен «Практикалық психология» пәні бойынша «Педагогика және психология», «Психология» білім беру бағдарламасының  4 курс студенттеріне «Психолог жұмысындағы арт-терапияның қолданылу бағыттары» тақырыбында шеберлік сыныбы өткізілді. Мақсаты: психолог жұмысындағы арт – терапияның қалыптасу тарихы, дамуы,  қазіргі таңдағы арт – терапияның әдіс-тәсілдері, практикада қолданылу   жағдайын ашып көрсету. Шеберлік сыныбы барысында практик-психолог Г.М.Тоқсанова арт-терапияны  практикада қолданып, студенттермен тренинг-жаттығуларын өткізіп, арт-терпия  ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін ұсынды сондай-ақ аға оқытушы В.Е.Нурмуканбетова теориялық тұрғыдан арт-терапияның дамуына, негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Шеберлік сыныбына кафедра оқытушылары, студенттер қатысып тәжірибе алмасты.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz