Батыс Қазакстан инновациялық-технологиялық университетінің Тарих және құқық кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Ерназаров Жасқайрат Тлекқабылұлы 2023 жылдың 25 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының базасында өткен 2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасы жұмысына қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу, Қазақстан Республикасындағы білім берудің беделін көтеру. Сайыс барысында оқушылардың нақты тарихи мәселені білуі және оның ашылу деңгейі, тарихи деректерді келтіру және тиісті еңбектерге сілтеме жасауы, мәтіннің мазмұнын ашудағы қисын мен талдау, ойын жеткізу стилі мен сауаттылығы, әр жауаптың соңында нақты қортынды жасап, өз пікірлерін білдіре алуы бағаланды. Олимпиадаға 200 астам оқушылар қатысып, жүлдегерлер республикалық кезеңге жолдама алды.