2025 жылы 10 желтоқсанда педагогика және психология кафедрасының тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес Психолог күніне арналған тәрбие шарасы өткізілді. Шара «Что? Где? Когда?» зияткерлік ойыны форматында ұйымдастырылып, 6В01101-Педагогика және психология мен 6В03101-Психология білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты. Іс-шараны аға оқытушылар Жумагулова Г.А. және Лукпанова В.В. ұйымдастырды. Шараның мақсаты – студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға жағдай жасау, кәсіби бірегейлігін қалыптастыру және студенттік қауымдастықтың корпоративтік мәдениетін нығайту. Іс-шара қызығушылыққа толы, ынтымақтастық пен зияткерлік белсенділік атмосферасында өтті. Студенттер жоғары деңгейде белсенділік танытып, эрудициясы мен бастамашылдығын көрсетіп, командалық жұмыс дағдыларын тиімді қолдана білді. Ойынның өткізілуі студенттік ұжымның бірлігін нығайтуға, ойлау икемділігін дамытуға және психология саласының болашақ мамандарына қажетті кәсіби құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz