2024 жылғы 5 желтоқсанда БҚО прокуратурасы мен БҚИТУ бойынша жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында Құқық кафедрасының жоспарына сәйкес 6В04202 Құқықтану білім беру бағдарламасы бойынша 3,4 курс білім алушыларына 1-сыныпты заңгер БҚО бірінші басқарманың орынбасары К.М. Самигуллиевтің “Сотқа дейінгі тергеу сатысындағы прокурорлық қадағалау. Қылмыстық процестегі прокурордың рөлі”тақырыбында дәріс оқыды.

Дәріскер өз сөзінде білім алушыларға қазіргі уақытта қылмыстық сот ісін жүргізуде үш буынды модельді іске асыру туралы айтып, сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын сотқа дейінгі тергеуді қадағалауды жүзеге асыруда прокуратураның алатын рөлін атап өтті. Осы ведомствоның қызметкерлері қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша істерді зерделеу кезінде ҚР-сы Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңының нормаларын қолданудың заңдылығын, жиналған істердің мерзімі мен сапасын мұқият тексереді .

Қайрат Маратұлы прокурорлардың жұмысына қойылатын жоғары талаптар және олардың заңдылықты нығайту жөніндегі міндеттері туралы айтып берді. Аса ауыр және қоғамдық резонансы бар қылмыстық қылмыстарды тергеп жатырған арнайы прокурорлардың қызметіне тоқталды. Оқушыларға жақсы теориялық білім алуға , ой-өрісін кеңейтуге, әдебиеттерді, соның ішінде классиктердің еңбектерін оқуға, құқық қорғау органдарына, оның ішінде прокуратураға түсу үшін міндетті шарттар ретінде дене шынықтыру және психологиялық даярлыққа, адал қарым-қатынас қажеттілігі туралы өз мысалына студенттердің назарын аударды. Тыңдаушыларға ҚР “Құқық қорғау қызметі туралы” Заңына сәйкес прокуратура қызметкерлерінің материалдық және әлеуметтік қамсыздандырылуы туралы да ақпарат берілді.

К. М. Самигуллин прокуратура органдарында өзінің қалыптасу жолы туралы айтып, білім алушылардың барлық сұрақтарына жауап беріп, оларға табысты оқу тіледі.

Кездесу соңында құқық кафедрасының меңгерушісі Ж.К. Толеугалиева кафедра ПОҚ атынан және студенттер Қайрат Маратұлына мазмұнды және қызықты дәрісі үшін алғыс білдіріп, оны келе жатырған кәсіби мерекесімен Қазақстан Республикасы прокуратурасы қызметкерлерінің күнімен құттықтап, қызметте табыс пен амандық тіледі.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz