Біздің университет оқушылар арасында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізеді. Осы қызмет аясында оқушыларды заманауи мамандықтармен, білім беру бағдарламаларымен және мансаптық өсу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған түрлі іс-шаралар іске асырылды.
2025 жылдың 10 қаңтарында салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімі Теректі ауданының мектептерінде (Магистрал жалпы білім беретін мектеп, Чапаев жалпы білім беретін мектебі, №1 Федоровка жалпы білім беретін мектебі, Федоровка жалпы білім беретін мектебі) кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Кәсіптік бағдар беру бойынша түсіндіру жұмыстары оқушыларға болашақ мамандықты таңдау үшін қажетті ақпаратты алуға, өз қабілеттерін ашуға және перспективаларын түсінуге мүмкіндік берді. Біз жастарға өз болашағын құруға көмектесіп, мектептермен белсенді қарым-қатынасты жұмысты жалғастырамыз!