Италияның Турин қаласында 2025 жылғы XXXII Дүниежүзілік қысқы Универсиада басталды. Спорттың 11 түрінен жарыстар Турин мен Пьемонт аймағында орналасқан екі стадион кластерінде өтеді.

13-қантарда Қазақстан құрамасының делегациясы Турин қаласындағы (Италия) 2025 жылғы Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатына қатысты.

Ұлттық киімде шыққан хоккейші Абылайхан Сүлейменов пен фристайлшы Аяулым Әміренова Қазақстанның туын желбіретіп, ел делегациясының көшбасшылары атанды. Туриндегі Универсиададағы жарыстар 23 қаңтарға дейін жалғасады.

Апеннин түбегінің солтүстігінде 54 елден 2000-ға жуық спортшы спорттың 11 түрінен (биатлон, шаңғы жарысы, қысқы бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей (ерлер, әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғысы, шорт-трек) күш сынасады. Универсиадада ел намысын 103 студент қорғайды, олардың қатарында университетіміздің екі спортшысы бар: «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Әжгалиева Алина және осы мамандықтың түлегі Абулкатимов Алишер.

Қазақстан құрамасы мен спортшыларымызға Универсиадада сәттілік тілейміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz