2023-2024 оқу жылының бірінші жартысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «6В01601-Тарих мұғалімін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Айтай Бахадыр Сатыбалдыұлы ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2023 жылдың 18 қыркүйек – 15 желтоқсан аралығында дәріс оқыды. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы нәтижесінде оқытушыға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ректоры, қауымдастырылған профессор Б.Т.Шакешевтың сертификаты табысталды. Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетімен арадағы ынтымақтастық туралы келісім-шарт негізінде бірлескен ғылыми жобалар орындау, халықаралық конференциялар ұйымдастыру, академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру көзделеді.

