2023 жылғы 5 сәуірде ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасында «Ғылым онкүндігі 2023» іс-шаралар бағдарламасын іске асыру аясында «Ветеринария» және «Ветеринариялық медицина» білім беру бағдарламаларының студенттері мен магистранттарының ветеринария және биотехнология ҒЗО директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Г.Г. Абсатировпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында профессор Г.Г. Абсатиров білім алушылармен «Ғылымға өз жолыңды қалай бастау керек» атты тақырыбындағы баяндама бойынша өзінің көзқарасы, тәжірибесімен бөлісті. Ол студенттерге презентация арқылы өзінің ғылыми-педагогикалық қызметінің қалыптасу кезеңдерін айтып көрсетті.
Профессор атап өткендей, студенттерді ғылымға баулу алғашқы курстан басталады, студенттер ғылыми жұмыстың негіздерін түсінуге пәндік сабақтармен студенттік үйірмелерде бастау алады. Студенттік үйірмелерге қатысудың нәтижелері студенттік ғылыми конференциялармен пәндік олимпиадаларға, сонымен қатар әр жағдайларда кафедра мен университеттің ғылыми жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.
Ғылыми бастау және одан әрі өсу үшін ғылым мен талантқа деген сүйіспеншілік жеткіліксіз, әлі де қажырлы еңбек, табандылық және ғылыми жетекшінің көмегі өте қажет болады. Бірақ сіз өзіңіздің мамандығыңызды, зерттеу тақырыбыңызды жаныңызбен жақсы көрсеңіз ғана осы ғылыми жолдың барлық қиындықтарына төтеп бере алатынын түсіндірді.
Ғылым әлеміне енгенде елімізде, одан тыс жерлерде, шетелдерде көптеген ғалымдармен қызықты кездесулерді, өзара ынтымақтастық шараларды ғылым уәде етеді Мұндай кездесулердің фото иллюстрация форматында профессор Г.Г. Абсатиров мысалдарын келтірді.
Кездесуге кезінде қатысушыларға арналған ғалымның авторлық ғылыми еңбектері: монографиялар, оқулықтар, энциклопедиялар көрмесі ұйымдастырылды.
Мұндай кездесулердің барлығына дерлік пайдасы зор. Бұл ғалымдар мен оқытушыларға өз жолын түсінуге, алдын-ала қорытынды жасауға, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Бұл кездесуден студенттері мен магистранттар өздерінің жолын табуға мүмкіндік алады.


