2023 жылғы 5 сәуірде БҚИТУ ИГФ – ң ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының ветеринариялық білім беру бағытындағы студенттері мен магистранттары және профессор-оқытушылар құрамымен «ZOODOCTOR» ветеринариялық клиникасының жетекшісі Страмоусов Максим Анатольевичпен қонақ дәріс өткізілді.
«ZOODOCTOR» ветеринарлық клиникасы терапия, травматология, ортопедия, хирургия, қарқынды терапия және реанимация, диспансерлеу, рентгенография, ультрадыбыстық, вакцинация, жануарларды зертханалық диагностикалау сияқты жаңа медициналық жабдықтардың көмегімен ветеринарлық қызметтердің үлкен тізімін ұсынады.
Дәріс аясында қонақ дәріскер практикалық мысалдармен ветеринар мамандығының мәселелері туралы айтып, болашақ ветеринар мамандарға кеңесін бере отырып, өз тәжірибесімен бөлісті.
Дәріс барысында қонақ дәріскердің дәрісі тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырды, содан кейін тәжірибешілердің мұндай дәрістері тұрақты болады деген шешім қабылданды. Содан соң «ZOODOCTOR» ветеринарлық клиникасы мен БҚИТУ арасындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі алдағы қадамдар талқыланды.
Кездесу жылы және достық сезімдегі жағдайда өтті. Магистранттар мен студенттер Максим Анатольевичке ветеринариялық қызмет жүйесіне қатысты сұрақтарын қойып, оларға толық жауаптар алды.

