2023 жылдың 16 қаңтар күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Батыс Қазақстан облысының Әділет департаменті және Батыс Қазақстан облысының Прокуратурасы арасында 6В12301 – «Құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасы аясында құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттарын, міндеттері мен негізгі қағидаттарын іске асыру, студенттердің құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуын қамтамасыз ету, студенттер үшін кәсіптік практика базаларын ұйымдастыру мен ұсыну мақсатында әлеуметтік әріптестік туралы Меморандумға қол қойылды.

Шара барысында әріптестік келісімнің шарттарын жариялай отырып, құқық қорғау органдары қызметкерінің мәртебесін және олардың әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған ҚР Президентінің Жолдауына ерекше назар аударылды. Тараптар мамандандырылған кадрларды даярлаудағы негізгі бағыттарды айқындап, мақсаттар мен міндеттерді белгілей отырып, әлеуметтік әріптестік туралы шартқа қол қою арқылы меморандумды нығайта түсті.

Шара соңында, мемлекеттік мекеме өкілдері университеттің профессорлық оқытушылық құрамын аталған білім беру бағдарламасы аясында білікті мамандарды дайындауда лебіздері мен тілектерін білдірді.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz