Қаңтар айының 13 күні БҚИТУ-дың Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы Жоғары аграрлық техникалық колледжінің «Ветеринария» мамандығының студенттерімен кәсіптік бағдар беру жұмыстары аясында кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Ветеринария» білім беру бағдарламасы туралы, атап айтқанда оның мазмұны, оқыту мерзімі мен формалары, еңбек нарығындағы түлектерге сұраныс, студенттердің академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру, білім алушылардың академиялық ұтқырлығын ұйымдастыру ерекшеліктері, оқу-өндірістік практика негіздері, әскери кафедрада оқудан өту шарттары, университет қабырғасында студенттік өмірді ұйымдастыру, кәсіби өсу мен өзін-өзі жетілдіру мүмкіндіктері туралы түрлі ақпараттар ұсынылды. Сондай-ақ, колледж студенттері осы оқу бағдарламасының материалдық-техникалық кешенімен, оқу процесінде қолданылатын заманауи аспаптармен және жабдықтармен танысты.
Кездесу қызу жағдайда өтіп, студенттер қашықтықтан оқыту мен емтихан сессиясын ұйымдастыру, гранттық оқуға түсу шарттары, әскери кафедра, жатақхана жөнінде және т.б. сұрақтар қойды.

