Оралдағы “ҚазИИТУ” ғылым-білім кешеніндегі студенттер сарайында президент кеңесшісі Мәлік Отарбаевпен кездесу өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, облыстық “Орал өңірі” газетінің бас редакторы Бауыржан Ғұбайдуллин, сондай-ақ өңірдегі жоғары және арнайы орта білім беретін оқу ордаларының басшылары және Батыс Қазақстан инноовациялық-технологоиялық университетінің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Алқалы жиын барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда көтерген мәселелері мен ел әлеуетін ілгерілету мақсатында айтылған ой-пікірлері ортаға салынды. Кездесуде ол жастармен бірге ел әлеуетін арттыру туралы пікірлерді қозғады.
Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев Батыс Қазақстан облысындағы айрықша жобаларды сөзге өзек етіп, жас ғалымдар мен студенттерді оқуға, ізденуге шақырып, болашақтың кепілі білім екенін алға тартты.

