2023 жылдың 10-шы қараша күні Салалық технологиялар институтының «Мұнай-газ инженериясы» кафедрасы аға оқытушысы, техника ғылымдарының магистрі Г.Г. Беркалиеваның НД-32О, НД 22ОК топтарында «Қабаттың мұнайбергіштігін арттыру әдістері» пәнінен оқытудың жаңа интерактивті технологияларын қолдану арқылы ашық сабағы өткізілді.

Практикалық сабақтың ерекшелігі берілген тапсырмалар QR код арқылы тікелей онлайн тапсырма жасалған сайтқа өткізу арқылы берілді.

Қолданылған әдістің тиімділігі білім алушыларға тапсырмаларды смартфон арқылы әуелі жеке-жеке орындап, кейін интерактивті панель арқылы топпен бірге онлайн орындалып қателерді түзетуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, тақырыпқа сай қолданылған бірнеше анимациялық бейне материалдар тақырыпты аша түсті. Стикер ретінде жасалған үлестірмелі материалдар берілген тақырыпты толық түсінуге, онлайн тапсырмалар тақырыпты бекітуге көмектесті. Практикалық сабақ белсенді және қызықты өтті.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.