14 қарашада Орал қаласындағы жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері арасында «Жаңа толқын – 2023» облыстық шығармашылық фестивалі өтті. Дәстүрлі шараның мақсаты – жоғары оқу орындарының студент жастары арасында достық байланыс орнату, жас өнерпаздарды, дарынды жастарды анықтау, шығармашыл студенттердің өзара тәжірибе алмасуына жағдай туғызу.
Облыстық фестивальға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 50-ден астам студенті белсенді қатысып, ұйымшылдық танытты. Талантты да, талапты жастарымыз жоғары деңгейде өнер көрсетіп, бірнеше аталым бойынша жүлдегер атанды. Атап өтсек:
Нұрболат Шапағат, Нұрлыбекұлы Ернұр, Сдихова Диляра, Али Зияхан  «Көркем сөз оқу шебері» номинациясында I орын,
Нәдірбаева Алтынай «Патриоттық ән» және «Эстрадалық ән» номинацияларында II орын, Хореография жанры бойынша «Ұлттық би» және «Заманауи би» номинацияларында II орын, Байбақты Жандос «Дәстүрлі ән» номинациясында IІI-орын, Қуатов Азамат «Үздік мобилограф» номинациясында III орынды жеңіп алды.
Шығармашыл студент жастардың облыстық фестивалінде лайықты өнер көрсетіп, БҚИТУ мерейін үстем еткен барша қатысушыларға алғыс айтамыз!

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz