2023 жылдың 26 қазанда құқық кафедрасының 6В04202 Құқықтану, 6В04203 -Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламасының студенттерімен практикаға бағытталған сабақ өткізілді.
Сабақты БҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері К.К.Калиев және Н.И.Новикова «Органдардың қызметін ұйымдастыру және салалары» тақырыбында өткізді.
Сабақтың мақсаты ҚР Қылмыстық жазаларды орындау жүйесі органдарында қызметтің практикалық дағдыларын қалыптастыру болды.
Кездесу барысында ұйымға қатысты мәселелер талқыланды:
– психологиялық-педагогикалық әдістерді пайдалана отырып, қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдар арасында тәрбие жұмысы;
– ҚАЖ мекемелерінде дайындалып жатқан және жасалатын қылмыстарды және жазаны орындау мен қамауда ұстаудың белгіленген тәртібін бұзушылықтарды анықтау, ашу, жолын кесу және ескерту процесі;
– ҚАЖ мекемелерінде режимнің, қадағалаудың, күзеттің қамтамасыз етілуін бақылау;
– пробация қызметтері;
– сотталғандарға қатысты сот үкімдері мен қаулыларын орындау;
– сотталғандарды босатуға дайындау жөніндегі жұмыстар, рақымшылық және кешірім жасау актілерін орындау, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері мен органдарының басқа құқық қорғау органдарымен, мемлекеттік басқару органдарымен және қоғамдық бірлестіктермен сотталғандарды түзеу нәтижелерін бекіту, олардың еңбек және тұрмыстық орналасуы бойынша өзара іс-қимылы.


