2023 жылдың 27 қазанында БҚИТУ СТИ – ң 6В11201 «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Кенес ПВ» ЖШС – ң басшысы Мамаев Нұрлан Сидағалиұлы шақырылып, «Жазатайым оқиғалар кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістемесі мен тәсілдері» пәні бойынша танымдық дәріс оқыды.

Дәрістің мақсаты – студенттерді кәсіпорынның қызметімен таныстыру, мекеме мамандарының тәжірибесімен бөлісу, практикалық дағдыларды білу маңыздылығы туралы түсінік беру. Өндіріс маманы Н.С. Мамаев өз дәрісінде жазатайым оқиғалардың қазіргі таңда үлкен мәселе екенін айтып, оларды азайту шараларын баяндады. Ол дәрігерлер келгенге дейін жазатайым оқиға орнында зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі шаралар кешені туралы айтып берді. Ол сондай-ақ білім алушыларға жарақат түрлері, оларға дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің әдістері мен тәсілдері туралы нақты түсіндірді. «Кенес ПВ» ЖШС – нің басшысы Н.С. Мамаевқа алғысымызды білдіреміз және одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеміз!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz