2026 жылғы 18 қараша күні Орал қаласының Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері арасында «Заң мен тәртіп – жастар таңдауы» тақырыбында қазақ тілінде зияткерлік QUIZ ойыны өткізілді.
Аталған білім сайысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының «Әділет» командасы жоғары білім деңгейін, зеректілігін, тапқырлығы мен ұйымшылдығын танытып, жүлделі II орынға ие болды.
Университет намысын абыроймен қорғаған команда құрамындағы студенттеріміз:
Досанова Айсулу – «БОПмӘ», 2-курс;
Оразхан Злиха – «ҚҚҚ», 2-курс;
Нуржанова Аружан – «ҚҚҚ», 1-курс;
Давлетьяров Камила – «ҚҚҚ», 1-курс;
Сағуда Максим – «ҚҚҚ», 1-курс;
Айдархан Айсәуле – «ҚҚҚ», 1-курс.
Жеңісті жолдарыңыз құтты болсын, құрметті студенттер!
Бұл жетістік – білімге деген құштарлықтың, ізденіс пен табандылықтың, бірлік пен ортақ мақсат жолындағы еңбектің жемісі. Заң мен тәртіпті құрметтеу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті сезіну – саналы ұрпақтың басты ұстанымы.
Сіздерге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім бәйгелерінде топ жарып, университетіміздің мерейін асқақтата берулеріңізге тілектеспіз! Қадамдарыңызға сәттілік, ізденістеріңізге шабыт, жетістіктеріңізге жалғастық тілейміз!
Жеңістеріңіз көп болсын!




