2023 жылдың 26 қазанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде дәстүр бойынша «Студенттер қатарына қабылдау» салтанаты өтті. Мерекелік кеш салтанатты рәсім мен концерттік бөлімнен тұрды. БҚИТУ ректоры, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Т. Шакешев университеттің бірінші курс студенттерін құттықтап, білім жолында сәттілік тіледі. Дәстүр бойынша бірінші курс студенттері ант қабылдады. Университеттің бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты С.А. Машанова бірінші курс студенттеріне студенттік билеттер табыстады. Концерттік бағдарламада әр институттың студенттерінен құрылған топтар заманауи би, вальс, вокал әндері бойынша қойылымдар қойып, өнерлерін көрсетті. Мерекелік шарада өңірімізге танымал әншілермен бірге ән шырқап, ойындар ойнатылды. Мерекелік шара жоғары деңгейде өтті.