Түлектерді кәсіптік бағдарлаудың мақсаты – мамандық таңдауда өзін-өзі анықтауға көмектесу. 2025 жылдың 06 ақпанында Бәйтерек ауданының Переметное кентінде Қ. Аманжолов атындағы жалпы білім беретін мектеп пен “Бәйтерек” колледжінің оқушыларымен кездесу өтті.

Салалық технологиялар институтының кәсіптік бағдар беру жұмысы және қабылдау бөлімінің жетекші маманы К.К. Жәнияровпен және “Құқықтану”, “Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі” білім беру бағдарламалары бойынша 1 курс білім алушыларымен: Д. Исмагуловпен, А. Спашевпен кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz