Мамандық таңдау – әрбір студенттің өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.

04 ақпан 2025ж., кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекшісі Жұбантаева А.Н. Орал қаласындағы №7 мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізіп, жоғары сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына мамандықтар әлемін, білім алу мүмкіндіктерін және кәсіптік келешегін түсінуге көмектеседі.

Осы кездесу барысында мектеп оқушыларының ата-аналары толық ақпарат алды:

– болашақтың сұранысқа ие мамандықтары және мамандарды даярлаудың негізгі бағыттары туралы;

– университеттің білім беру бағдарламалары туралы;

– университетке түсу мүмкіндіктері туралы.

Мұндай кездесулер ата-аналарға қалаған университетіне түсу туралы өзекті ақпаратты алуға көмектеседі.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz