2024 жылдың 02 мамырында Педагогикалық шеберлік мектебі аясында “Техникалық пәндер бойынша оқу сабақтарын жобалау” әдістемелік семинары өткізілді. Модератор: мұнай-газ инженериясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Ихсанов К.А.

Болашақ оқытушының маңызды функциясы – өзекті ғылыми нәтижелер мен студент арасындағы делдалдық функциясы.

Болашақта, жоғары оқу орындарында, кеңес берудің бұл функциясы оқытушылар үшін ең маңыздыларының бірі болады.

Семинардың мақсаты: ЖОО-ның жас оқытушыларына өздерінің әдістемелік жүйесін құруға жәрдемдесу, кәсіби білімді меңгеруге көмектесу; жоғары білімнің заманауи бағдарламаларын әзірлеу үшін қажетті ізденіс және талдау дағдылары; оқыту процесінде қолданылатын жобалау дағдыларын қалыптастыру.

Семинар соңында қатысушылар “Оқытушының стресс факторларының әсеріне төзімділігі” психологиялық тестінен өтті.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz