2024 жылы 25 сәуірде Павлодар қаласы, «Торайғыров университеті» КЕАҚ базасында 6В061 «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» даярлау бағыты бойынша Республикалық пәндік студенттік олимпиаданың II кезеңі өтті.

Дмитрий Минин, Илья Ермолаев құрамында 6В06104 – Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер білім беру бағдарламасының командасы «Деректер базасы» және «Компьютерлік желілер» пәндері бойынша терең білімдерін, сондай-ақ C++, C#, Java және Python бағдарламалау тілдері бойынша практикалық тапсырмаларды орындауда тамаша дағдыларын көрсете отырып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Олардың күш-жігері мен жетістіктерін ескере отырып, командаға қатысқаны үшін сертификаттар берілді. Команданы дайындағаны үшін аға оқытушы М. Е. Рахымжановқа алғыс хат табыс етілді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz