БҚИТУ білім алушылары 2024 жылдың 25-26 сәуір аралығында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде өткен XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысты.
6В09101 Ветеринарлық медицина ББ 4 курс білім алушысы Кушербай Фаризаны жеңісімен және жүлделі 3 орын алуымен құттықтаймыз (жетекшісі – «Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік» кафедрасының аға оқытушысы, РФ б.ғ.к., Жубантаева А.Н.). Білім алушы Иманалиева Ақнұр олимпиадаға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Білім алушымен жетекшіні жеңістерімен құттықтаймыз, бұл тамаша білім мен қажырлы еңбектің нәтижесі деп білеміз. Осымен тоқтап қалмай, алға ұмтылып, әрқашан сәтті әрі табысты болуларыңызға тілектеспіз. Сіздерді болашақта көптеген қызықты оқиғалар мен лайықты жеңістер күтіп тұрсын!


