Ғылым онкүндігі аясында 2024 жылғы 11 сәуірінде Мұнай-газ инженериясы кафедрасының аға оқытушысы Г.Е. Калешева жалпы білім беру пәндері кафедрасы ұйымдастырған академик Қ.И. Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған дөңгелек үстелде “Орталық Қазақстанның металлогендік картасын жасаудағы Қ.И. Сәтбаевтың рөлі” тақырыбында баяндама жасады.
Гүлмира Ермұхамбетқызы өз баяндамасында кен түзілуінің әртүрлі факторларын және Қазақстандағы металлогения мектебінің негізін қалаушы, көрнекті кеңестік кезеңнің геологы Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың Орталық Қазақстанда карта жасаудағы қосқан үлесін көрсететін геологиялық карта негізінде жасалатын металлогендік карта туралы ақпарат берді.
1958 жылы әлемдік геологиялық тәжірибеде теңдесі жоқ Орталық Қазақстанның металлогендік болжамды карталарының әдіснамалық негізін әзірлегені және құрастырғаны үшін академик Қ.И. Сәтбаев бастаған қазақстандық геолог-ғалымдар тобы Ленин сыйлығына ие болды.
Баяндама соңында Гүлмира Ермұхамбетқызы әсіресе Орталық Қазақстандағы пайдалы қазбалардың қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді.
Мені, бірнеше жыл кәсіпорында жұмыс істеген геолог-практик ретінде шақырғаны үшін Нұрболат Меңдіғалиұлына алғыс айтқым келеді.
Біздің студенттер өз ғалымдарын білуі, өткенімен мақтануы керек деп санаймын.

