2021 жылдың 8 желтоқсаны БҚО полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Сатарова Диляра Махмудовна, дағдарыс орталығының заңгері Давлетьярова Мариэтта Тархановна Батыс Қазақстан инновациялық технологиялық университеті студенттеріне «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция өткізді.
Акция барысында полиция аға инспекторы Д.М. Саттарова «Күнделікті өмірде заңсыз әрекеттердің алдын алу» тақырыбында дәріс оқыса, заңгер М.Т. Давлетьярова «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» туралы студенттермен әңгіме өткізді.
Шара мақсаты – Қазақстан Республикасының «Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңын түсіндіру, қатысушылардың құқықтық білімін арттыру болып табылады.
Құқықтық бағытындағы әңгімеде дәріскерлер студенттерге сұрақтар қойып, ақпараттық материалдар мен сауалнамалар таратты.
Кездесуге университеттің 30 студенті қатысты.
