Жалпы білім беретін пәндер кафедрасының тәрбие жұмысы аясында 2024 жылдың 10 қыркүйегінде аға оқытушы Исагулова Т.Р. «Сәулет» білім беру бағдарламасының студенттерімен Отбасы күніне арналған «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік іс-шараға бару ұйымдастырылды. Шара Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық орталық әмбебап ғылыми кітапханасының оқу залында өтті.
Мақсаты: Оқырмандармен отбасымен бірге отырып кітап оқу арқылы ата-ананың бала тәрбиесі мен ата-ана өміріндегі баланың маңыздылығын көрсету.
Халық ауыз әдебиеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі туралы білімдерін қадағалау.
Отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындыру, балаларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Шараға БҚО-ның белгілі отбасылары: Нәжметдиновтар, Молдашевтар, Бегалиевтер отбасы қатысты.
Әр отбасы өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ «Менің отбасым – менің мемлекетім» көрмесі ұсынылды.
Шара барысында әке мейірімі мен сауатын, ананың ақ сүтімен, әкенің ұлылығын, ана тәрбиесін бойына сіңіріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасып келе жатқаны айтылды.
Отбасы – қоғамның негізі.
Баланың болашақта жақсы азамат болып өсуі үшін бұл отбасында берілетін тәрбиеге тікелей байланысты.
Азамат дүниеге келсе, тіршілігіне нәр алып, егеменді еліміздің болмысы ашылады, ата-анамыздың ізгі тілегі, асыл арманы қабыл болсын.
Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болғаны өз қолымызда.
Бұл шара өз мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізген болды.

