2024 жылдың 10 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Петр атындағы антропология, этнография (кунсткамера) музейінің ғылыми аға қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Стасевич Инга Владимировна дәріс оқыды.
Инга Владимировна өз дәрісінде Санкт-Петербург кунсткамерасындағы қазақ жинағының қалыптасу тарихына талдау жасады. Музей аясында өтіп жатқан қазақ тарихына қатысты ғылыми ізденістер туралы баяндады.
Дәріске университеттің профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты. Дәріс тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, олар өздерінің көптеген сұрақтарына жан-жақты жауап алды.

