2022 жылдың 28 қыркүйегінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тәрбие ісі жөніндегі проректоры А.И.Абекешевтің шақыруымен «Мектепте жасөспірімдер туризмі және өлкетану бойынша үйірме жұмысын ұйымдастыру» республикалық семинары аясында университеттің педагогикалық факультетінде жас оқытушылармен кездесу өтті.

Жиынға Алматы, Шу, Көкшетау, Ақтөбе, Атырау, Түркістан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан мұғалімдер, үйірме жетекшілері, нұсқаушылар, тәрбиешілер мен қосымша білім беру педагогтары қатысты.

Бұл кездесудің мақсаты – тәжірибе алмасу, ата-аналар мен балаларды қосымша білім беру педагогымен жеке кездесуге ынталандыру, әдістемелік жұмыстың жаңа формалары, қосымша білім беруді ұйымдастырудың міндеттерін анықтау.

Қосымша білім беру педагогтарымен кездесулер жүйесі Қазақстан Республикасының шығармашылық ұжымдарының жетекшілері арасында тәжірибе алмасу, озық педагогикалық тәжірибе мен инновацияны тарату алаңының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Ұйымдастыру және тәрбие бөлімі

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz