28 қыркүйек Инженерлік-гуманитарлық факультетінің құрылтайшысы Бозымова Айгуль Казыбаевнаның бастамасымен «Ұстаз-ұлы тұлға» атты шоу концерт ұйымдастырылды. Концерт барысында университет ректоры Шакешев Бекболат Темержанович мен инженерлік-гуманитарлық факультетінің деканы Билашев Бауыржан Әкимжанович ұстаздарды құттықтап, мақтау грамоталары мен сертификаттар табыстады. Концертте факультетіміздің белсенді студенттерімізбен қатар, Республикаға танымал өнер жұлдыздарыда өнер көрсетті. Айта кетсек университетіміздің түлектері Ақжол, Елжан мен Самат, сонымен қатар DD Records тобының мүшелері Мико, Адиль, Жеңіс және т.б. Облысымызға танымал «Жұмыр қылыш» тобы, «Илигай» би ансамблі және Утегалиев Темирлан өнер көрсетті.




