2022 жылдың 30 қарашасы күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Тарих және құқық»  кафедрасының ұйымдастыруымен театрландырылған қойылым көрсетілді. Қойылымға М.Мақатаевтың «Қош, махаббат!» шығармасы таңдалып, мұңды-музыкалық драма сахналанды.

Аталған іс-шараның басты мақсаты – студенттерді шығармашылық жұмыстарға белсенді араластырып, ақынның шығармалары мен әндерін орындай отырып, дарынды жастарды тәрбиелеу. Өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, рухани, адамгершілік және көркемдік дамуын қалыптастыру. Сонымен қатар, ұйымдастыру  шеберліктерінің өсуіне ықпал жасау.

Тарих және құқық кафедрасы студенттерінің  музыкалық театрланған қойылымында «Қош, махаббат!» шығармасының желісі бойынша оқиғалар сахналанып, халықтың сүйікті әндеріне айналған ақынның сазды әуендері шырқалып, студент-жастардың шеберліктерін көрсеткен кеш болды. Студенттерден құралған жас театрдың әртістері көрермендерге керемет көңіл күй сыйлап, көрермендердің қошеметіне бөленді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz