29 қараша 2022 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде «Ақ жол» демократиялық партиясының дәстүрлі «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» жалпыұлттық байқауының екінші кезеңі өтті. Сараптау комиссиясы байқауға түскен жұмыстарды тексеріп, 4 номинация бойынша жалпы саны 40 үздік жұмысты екінші кезеңге іріктеді.

Еліміздің әр аймағынан келген 40 қатысушы «Алаш идеясы және Екінші республика», «Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы», «Алаш қайраткерлерінің экономикалық көзқарастары және кәсіпкерлікті дамыту», Алаш тарихының «актаңдақтары» номинациясы бойынша сынға түсті.

Конкурсқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, Тарих және құқық кафедрасының  аға оқытушысы, магистр Дауесова Айжан Жангазиевна «Қазіргі заман шындығы аясындағы Ахмет Байтұрсынұлы мұрасы» номинациясы бойынша қатысып, жұмысы өзектілігімен қазылар тарапының оң бағасын алды. Нәтижесінде алғыс хатпен марапатталып,  қаржылай сыйлық иеленді.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz