Студенттердің кәсіби сертификаттаудан өтуі жоғары оқу орындары түлектерінің тиісті білім деңгейі мен дағдыларының, кәсіби құзыреттілігінің маңызды көрсеткіші болып табылады. Білім беру жүйесінің көптеген сарапшылары мен өкілдерінің пікірінше, кәсіби сертификаттау білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ықпал етеді.
Кәсіби сертификаттау аясында 2023-2024 оқу жылында БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының 6В11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі БББ 4 курс білім алушылары жоспарға сәйкес «Пром ресурс білім беру орталығы» ЖШС-де оқудан өтті. Білім алушылар 36 сағат көлемінде «Газдан құтқару ісі» арнайы даярлығы бойынша оқудан өткеннен кейін курс тыңдаушылары «Газдан құтқарушы» біліктілігін алды.
Курстан алған білім мен практикалық дағдылар түлектердің табысты жұмысқа орналасуына жақсы ықпал ететініне ешқандай күмән келтірмейді.


