БҚИТУ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының «Еуропа – Азия шекарасы жоқ ветеринариялық ынтымақтастық» халықаралық қатысуымен өткен дөңгелек үстелге белсенді қатысты.
Семинар Орынбор облысының Ауыл шаруашылығы, сауда, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен Орынбор мемлекеттік аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының жетекші ғалым-әріптес жоғары оқу орындарын бір алаңға біріктіріп онлайн форматта өтті.
Дөңгелек үстелде ветеринария, биотехнология, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Ветеринариялық дәрігерлерді даярлаудың заманауи үрдістері, кафедра филиалдарын пайдалану тиімділігі, ветеринариялық қызметтердің жұмысы, ҚР мен РФ-дағы бруцеллез проблемалары және оларды шешу жолдары талқыланды.
Дөңгелек үстел нәтижесінде қатысушылар Ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында екі университет арасындағы өзара іс-қимылды дамыту және нығайту мақсатында ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.