Орал қаласының жоғары оқу орындарында білім алып жатқан студент жастарды біріктіріп, жаңа қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық толеранттылық пен рухани келісімге тәрбиелеу, студент-жастардың шығармашылығын дамытуға мүмкіндік беру арқылы, оларды тек сапалы маман ғана емес, жан-жақты, ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыру мақсатында 2023 жылдың 8-9 сәуір күндері Орал қаласының студенттері арасында «ORAL JASTARY» фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге қатысқан 24 команданың арасынан БҚИТУ “Дене шынықтыру және спорт” білім беру бағдарламасының білім алушыларынан құралған құрама командасы жүлделі II-орын алды. Жаттықтырушы – магистр Б.А.Медресов.