2023 жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Ғылым қызметкерлері күні – кәсіби мерекесі қарсаңында инженерлік-гуманитарлық факультетінде студенттер арасында «Start UP Жастар» бизнес-жобалар байқауы оздырылды. Жарыс қортындысы бойынша: жүлделі 1-орынды «Capable» командасы, 2-орынды «Public Concern» командасы, 3-орынды «Светодиод» командасы иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен және сыйақылармен марапатталды. Сонымен қатар, «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша «Эко әлем» командасы, «Үздік инновациялық жоба» номинациясы бойынша «Стеновик» командасы жеңімпаз деп танылды.

Бизнес-жобалар байқауының қазылар алқасының төрайымы-Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер Палатасының қаржылық емес қолдау бөлімінің басшысы Жубаева Сәуле Ибрагимовна студенттерге өздерінің ұсынған қызықты және өзекті жобалары үшін алғыс айтып, қажетті идеяларға қол жеткізуде табыс тіледі.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz