Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, тілдер және менеджмент факультетінің «Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі»  кафедрасының ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылына білім бағдарламаларын талқылау мақсатында академиялық комитет отырысы өтті. Отырысқа кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер және жұмыс берушілер қатысты. Жұмыс беруші мекемелерден Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, Эстетикалық бағыттағы мектеп-гимназиясы, БҚО әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №40, №37ЖОББ мектептері, Орал қаласы білім беру бөлімінің №28 мектеп лицейі, БҚО білім басқармасының  Құрманғазы атындағы саз колледжі, Орал қаласы білім беру бөлімінің Д.Нұрпейісова атындағы балалар музыка мектебі, Орал қаласы Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, Жастар  шығармашылығы орталығы, Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі МКҚК қатысып, білім беру бағдарламаларын талқылап, оқыту нәтижелері туралы пікірлерімен бөлісіп ұсыныстарын білдірді. Жұмыс берушілер өз кезегінде әзірленген білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға үлкен үлес қосады. Білім беру бағдарламаларын талқылау кезінде жұмыс берушілердің ұсыныстары ескеріліп, бағдарламалар толықтырылды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.