Ашық есік күні – талапкерлерді университетпен таныстыру. Шарада болашақ студенттер білім беру бағдарламаларымен, оқу үдерісінің шарттарымен танысып, университет қызметкерлеріне сұрақтар қоюға мүмкіндікке ие болды.

2024 жылдың 9 желтоқсанында кәсіптік бағдар беру және қабылдау бөлімінің жетекшісі Жұбантаева А.Н. № 21 орта мектепте кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мектеп оқушылары салалық технологиялар институтының барлық білім беру бағдарламаларымен, оқу орнына түсу тәртібімен таныстырып, оқушылар өздерінің сұрақтарын қойып, барлық сұрақтарға жауап алды.

Кездесуден кейін мектеп оқушыларының көпшілігі университетімізге қызығушылық танытып, келесі жылы біздің оқу орында оқуларын жалғастыруға ниет білдірді.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz